Педагогическая копилка

БЖБ Математика 2-сынып 1-тоқсан жауаптары «Сандармен амалдар орындау. Есептер»

«Сандармен амалдар орындау. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  2-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 2-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Сандармен амалдар орындау. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

 

Бөлімше

1.2 Сандармен амалдар орындау 

2.1 Санды және әріпті өрнектер 

5.1 Есептер және математикалық модель

 

Оқу мақсаты

2.1.2.5** Біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайтуды орындау

2.2.1.6  Екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу

2.5.1.8** Барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер түрінде модельдеу  

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосады және азайтады

  • Жақшалы, жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтайды және  өрнектің мәнін табады 

  • Мәтіндік есептерді шығарады

 

Ойлау дағдыларының  деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

 

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

1. Өрнектерді сәйкес мәнімен байланыстырып сыз. 

 

 

 

 

 

 

 

2. Амалдардың орындалу ретін көрсет. Өрнектің мәнін тап.

 

 

       100   (15 + 45) =                                                     

 

 

3. Есепті шығар.

 

          Жанардың  54 ашықхаты бар еді. Ол 20 ашықхатын  Әселге сыйлады. Жанарда қанша ашықхат қалды?

 

Открыть полную версию