Название сайта

БЖБ Математика 2-сынып 1-тоқсан жауаптары «Екітаңбалы сандар»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Екітаңбалы сандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  2-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 2-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Екітаңбалы сандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

 

Бөлімше

  1. Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

 

Оқу мақсаты

2.1.1.1  100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну;

              100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

2.1.1.2     Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

2.1.1.3** Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • 100  көлемінде  тура және кері санайды

  • Санның натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды

  • 100 көлеміндегі сандарды салыстырады

  • Екітаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына  жіктейді

 

Ойлау дағдыларының  деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

 

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

 

  1. Түсіп қалған сандарды толықтырып жаз. 

                                                                


 

  1. Берілген сандардың көршілерін жаз.

 


  

  1. Салыстыр. 

               23         32                          37           3                           77           70

 

 

  1. Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.