Педагогическая копилка

ТЖБ 1-тоқсан Қазақ тілі 2-сынып жауаптар

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау 

«Қазақ тілі» 2-сынып 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 1-тоқсан Қазақ тілі 2-сынып жауаптар 

4.Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде)
Тыңдалым және айтылым
1.Сұрақтарды мұқият тыңда. Берілген сұрақтарды пайдаланып,досыңнан
оның отбасы туралы сұхбат ал.
[5]
Балл қою кестесі
Сұрақ
No
ЖауапБаллҚосымша ақпарат
1
Білім алушының ықтимал жауабы:
-Сенің отбасың қандай?
- Менің отбасым үлкен.
-Отбасыңда неше адам бар?
-Менің отбасымда төрт адам бар. Олар:
әкем, шешем, мен және қарындасым.
- Әкең қайда жұмыс істейді?
- Әкем емханада дәрігер болып істейді.
- Қарындасыңның аты кім?
- Оның аты - Балнұр.
1
Тақырыпқа сәйкес баламалы
диалогы қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес диалог
құрастырады.
1Сұхбаттасына сұрақ қояды.
1Сұхбаттасының сұрағына
сәйкес жауап береді.
1Сөздер мен сөйлемдерді
орынды қолданады.
1Сөйлеу барысында тілдік
нормаларды, сөйлеу
мәдениетін сақтайды.
Барлығы5
Оқылым
1.Мәтінді оқы.
12
Открыть полную версию