ТЖБ 4-тоқсан Жаратылыстану 2-сынып жауаптар
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
«Жаратылыстану» 2-сынып
Спецификация 2-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 4-тоқсан Жаратылыстану 2-сынып жауаптар
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Жаратылыстану» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Қандай денелер жарықты жақсы өткізеді?
А) мөлдір емес
В) жартылай мөлдір С) мөлдір денелер D) ақ түсті денелер
[1]
2.Суретке қара. Тапсырмаларды орында
1) Магнитті қолдануды бейнелейтін суреттердің нөмірлерін қоршап сыз.
2) Магнитті қайда қолдануға болады? Екі мысал келтір.
3) Жоғалған инені магниттің көмегімен тауып алуға бола ма? Неліктен?
3. Берілген ақпараттардың қандай дыбыс шығаратынын айт. Қ (қатты), Б (бәсең)
Газет беттерін парақтау
Стадиондағы жанкүйерлердің айқайы
Жапырақтың сыбдыры
Мотоциклдің дауысы
2) Қатты және бәсең шығатын дыбыс көздеріне мысал келтір.
1) Қатты: _________________________________________________________
2) Бәсең: _________________________________________________________
[2]