Название сайта

БЖБ Жаратылыстану  2-сынып 4-тоқсан жауаптары «Табиғат физикасы»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Жаратылыстану»  2-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Жаратылыстану  2-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


(«Қоршаған орта» және «Саяхат» ортақ тақырыптары аясында)


 

Бөлімше                                                  5.2 Жарық


5.3 Дыбыс


5.4.Жылу


 

Оқу мақсаты                                       2.5.2.1 Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін


зерттеу


2.5.3.1 Дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу


2.5.4.1 Түрлі денелердің температурасын өлшеу


 

Бағалау критерийі                          Білім алушы

 

     Жарықты өткізетін және өткізбейтін денелерді


анықтайды


 

     Дыбыс көздерін дыбыс шығару күшіне қарай


жіктейді


 

     Термометрлердің түрін ажыратады, шкаласы


бойынша температураның көрсеткіштерін анықтайды


 

Ойлау дағдыларының                Білу және түсіну


деңгейі                                                      Қолдану


 

Орындау уақыты                            15 минут


 

Тапсырма


 

1.Өзінен жарық өткізетін заттардың атауы жазылған сөздердің астын сыз.


 


Қарбыз



ермексаздан жасалған ойыншықтар



өрік шырыны құйылған стақан



бос шыны құмыра



терезенің әйнегі



пластикалық қалта



портфель



киім шкафы


 

2. Суреттерге қара.Бәсең дыбыс көзін бейнелейтін суретті белгіле(P).