Название сайта

ТЖБ Қазақ тілі 5 сынып 1-тоқсан

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

1-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақ тілі» 5 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. 

Тоқсандықжиынтықбағалаудыңнұсқасы3компоненттентұрады:біріншісі- тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ тілі 5 сынып 1-тоқсан

Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

 

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика

Киіну. Сән.Талғам. Фонетика

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

 

Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма 

Әлия Әбікеннің орындауындағы «Салт-дәстүрім» әнін тыңдап, онда көтерілген мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.


[10]

 

Салт-дәстүрім

Қазағым менің дәстүр мен салтқа бай халық,

Бабамның жолын өтпеген халық айналып.

Шілдеханасын, тойлаған тұсаукесерін,

Бес жасар бала бестіге міні бәйге алып.

Қайырмасы

Дәстүрім бар, салтым бар, қандай тамаша!

Қастерлейік қаймағын бұзбай.

Арайланып ататын таңмен таласа,

Жағамдағы жайна құндыздай.

Текті халқым-ай,

Дәстүр салтым-ай,

Жарсатын айға жұлдыздай.

Дәстүр мен салтым жаңғыртып тұрар даламды,

Береке-бірлік, бақыт пен байлық бар онда.

Он үште отау иесі болып ұлдарың,

Отауға кірген он екі қанат ақ орда.

Қайырмасы

Қайтарылмаған қол жайса бата тілегі,

Қариясына жасының жұмсақ жүрегі.

Қазақтың салтын, әдебиетке құрметін,

Қадірлей білу борышымызға кіреді.

Қайырмасы

 

Оқылым

Тапсырма

Берілген мәтіндерді оқып, оларды өзара тақырыбы, жалпы мазмұнын тұрғысынан салыстырыңыз. Олардың жанры мен стилін анықтаңыз.

 

А мәтіні

Балаңызға қолайлы, сәнді, ең бастысы сапалы киім іздеп жүрсіз бе? Балалар киіміне арналған қалаңыздағы дүкендер туралы ақпарат жинаудың қажет жоқ! Себебі Сіздер үшін «Балақай» дүкені кез келген талғамға сай балалар киімінің сан алуан түрін ұсынады. Сәнді костюмдер мен шалбарлар, түрлі маусымға арналған көйлектер мен жейделер! Қанық түсті, танымал брендтердің өнімі Сіздерді асыға күтеді! Біздің киімдер тек табиғи маталардан тігіледі. Сондықтан аллергия тудырмайды. Киімдер балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп пішілген, өте қолайлы. Біздің дүкенде әр күн сайын таңғы оннан кешкі жетіге дейін жаңа коллекцияларға жеңілдіктер бар. Ата-аналарға қолайлы болу үшін біздің есігіміз демалыс