File engine/modules/userbox.php is in the folder, which is available to write (CHMOD 777). For security purposes the connection files from these folders is impossible. Change the permissions on the folder that it had no rights to the write.
Написать автору
І. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері 1.1. Олимпиада қала мектептері оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, Республикалық және Халықаралық олимпиадаға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру мақсатында өткізіледі. ІІ. Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінің өткізілу тәртібі 2.1. Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі2019 жылдың 05-06 желтоқсан күндері өтеді. Тапсырмалар тестілеу түрінде беріледі. 2.2. Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінеәр пән бойынша мектепішілік олимпиаданың І орын жеңімпазы, 8-11 сынып оқушылары (әр сынып бойынша оқыту тіліне қарамастан бір оқушы) қатысады. Қай тілде оқығанына байланысты емес. ІІІ. Олимпиаданы ұйымдастыру 3.1. Әрбір сынып оқушылары бір аудиторияда, әр компьютерде бір ғана оқушы отыруы тиіс. 3.2. Олимпиада бекітілген кестеге сәйкес өтеді. 3.3.Олимпиаданы ұйымдастыру жауапкершілігі қалалық білім басқармасының Әдістемелік орталығына жүктеледі.